АҚШ-та болған ауа райының тосын сыйынан зардап шеккендер саны 42 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та болған ауа райының тосын сыйынан зардап шеккендер саны 42 адамға жетті

28.12.2015
АҚШ-та болған ауа райының тосын сыйынан зардап шеккендер саны 42 адамға жетті

Соңғы 4 күнде АҚШ-та дауыл мен торнадоның салдарынан зардап шеккен азаматтар саны 42 адамға жетті.  Күшті жел қазір Нью-Мексико, Техас, Оклахома, Иллинойс, Миссисипи Теннеси, Луизиана, Арканзас және Алабама штаттарына жетті.

Мэрион штаты биілігі өкілдерінің хабарлауынша, Иллинойс штатының оңтүстік-батысында 5 адамның мерт болғаны хабарланды. Оның үшеуі ересек азамат болса, екеуі балалар. Өткен сенбіде олардың көліктері жардан су тола тоғанға құлаған. Көліктің ішіндегі азаматтар одан шыға алмай тұншығып қалған. Олардың денелерін сүңгуірлер тек келесі күні ғана алып шыға алды. 

Ал, Техас штатына қарасты Даллас қаласындағы жағдай одан да күрделі. Аталмыш қала маңына торнада бірнеше рет соққан.  Синоптиктер тіпті, олардың нақты санын да айта алмай отыр. Әзірге тек табиғаттың дүлей күшінің Гарленд пен Коллин коругтерінде 11 адамның өмірін жалмағандығы ғана мәлім болып отыр. Роулет қаласының әкімшілігі де табиғи апаттан зардап шеккендерін мәлімдеді. Онда 23 адам зардап шегіп, бірқатар аудандарда 24 сағат бойына мородерлық әрекеттердің алдын алу үшін коменданттық сағат орнаған.

Жалпы алғанда АҚШ-та торнадо 1 мыңнан астам құрылыстар мен ғимараттарды зақымдады. Желдің күші жекелеген аймақтарда сағатына 322 километрге жетті. 

Жол-көлік қызметінің мәліметтерінше, табиғат апатынан 178 жол-көлік оқиғасы орын алып, 58 адам зардап шеккен. Осыған дейін соңғы екі тәулікте дауыл мен торнадодан АҚШ-тың бірнеше штатында 18 адам мерт болып, 60 адамның зардап шеккені хабарланған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

 

Хабарламаларға жазылу