10 күнге созылған «Айбалта-2015» оқу-жаттығуы аяқталды. 10 мың сарбаз, 2 мың ауыр техника тартылған ірі әскери жаттығу армиямыздың қазіргі ахуалын бағамдауға мүмкіндік берді.
«Осыған дейінгі оқу-жаттығуларда Құрлық әскері немесе авиация ғана жаттықса, бұл жолы барлық әскерді бір-бірін сүйемелдей отырып, соғысуға машықтандырдық. Әскеріміз ұрыс ойындарын абыроймен аяқтады», дейді ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің қолбасшысы Мұрат Майкеев.
Нұрбек БЕКБАУ