Ресей кеденшілері негізсіз тексеріп, бір апта бойы ұстаған қазақстандық тасымалдаушылар елге оралды. Олардың айтуларынша, көрші елдің бірнеше қаласының кеден бекеттерінде тұрған 150 көлік жіберілген.
Алайда, ресейлік тәртіп сақшыларының халықаралық тасымалдаушыларды бірнеше күн бойы тексеруінің нақты себебі әлі белгісіз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ