Алматыдағы екі баласын 5-ші қабаттың терезесінен лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен Жадыра есімді ана мен оның 1 жастағы қызы жасанды демалу аппаратынан шығарылды.
Дегенмен, науқас толық ес жинап, өз-өзіне келмегендіктен, мұндай қадамға не үшін барғанын анықтау әзірге мүмкін болмауда. Ал, оның анасы қайғыдан қан жұтып, бір немересін өз қолымен көміп, қара жамылып отыр.
Жадыраның жолдасы - Саясат Көкенай «Байкен» мешітінде наиб-имам қызметін атқарған. Мешіттің бас имамы оқиғадан кейін оның қандай жағдайда болғанын айтып, отбасының діни сеніміне негізсіз айыптаулар тақпауды сұрады.
Амангелді СЕЙІТХАН