Алматыдағы атыс: Зардап шеккендердің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы атыс: Зардап шеккендердің жағдайы ауыр

05.09.2023

Алматыдағы атыста жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Ішінен оқ тиген науқасқа шұғыл операция жасалған. Ал екіншісінің бас сүйегіне зақым келген. Қазір дәрігерлер операцияға дайындап жатыр. Полицияның хабарлауынша, оқиға қаладағы демалыс орындардың бірінде болған. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдарынан кейін анықталады. 


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу