Екі күнге созылған Орал қаласы маңындағы тоғай өрті ауыздықталды. Бірнеше саяжай аумағын шарпыған тілсіз жаудың салдарынан екі үй отқа оранып, 102 адам қауіпсіз аумаққа көшірілген.
Сондай-ақ, шаһардың Желаев станциясы аумағында бір гектар жер жанып, теміржолға төселген ағаштар жарамсыз күйге түскен. Осыған байланысты Орал-Ақтөбе пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылып, шойын жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Рауан ДИӘЛИ