Алматы облысында селдің қаупі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында селдің қаупі сейілді

07.09.2015
Алматы облысында селдің қаупі сейілді

Солардың бірі Жоңғар Алатауының күнгейіндегі Таскөл. Теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте орналасқан.

Тамыз айында көл басындағы мұздықтар еріп судың шекті мөлшерге жеткені анықталған. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары су деңгейін төмендету мақсатында кешенді шаралар жүргізіп, қауіп-қатердің алдын алды.

25 адамнан құрылған төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бірнеше әдіспен тәулігіне 45 мың текше метр су ағызып, бөгеттің іргесін нығайтуда. Таскөлдегі су көлемі тамызда 3 миллион текше метрге жуық болса, қазір 2 миллион 200 мың текше метрге азайды. Биыл «Қазселденқорғау» мамандары Алматы облысы аумағында таудағы осындай 3 көлдің деңгейін төмендетіп, төтенше жағдайға жол бермеді.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу