Республикалық турнирді өткізудегі мақсат – белсенді істің ұйытқысы болуға лайық жастарды анықтап, әлеуметтік-қоғамдық мәселелердің түйінін тарқатуға баулу.
Осының арқасында азаматтық ұстанымы мықты, елге қызмет етудің жөнін жетік білетін зерделі жастар шығады. Турнирдің алғашқы күні әр команда өзекті мәселелерді қозғап, олардың оң шешімін табу үшін не істеу қажеттілігі туралы пікірлерін ұсынды.
Болат АМАНБАЕВ