Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

05.12.2014
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

«Жастар - мәңгілік ел болашағы». Алматыда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай тақырыпта студент қатaрына қабылдау кеші өтті.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне күні кеше аяқ басқан 2,5 мың білімгерге студенттік билет пен сынақ кітапшасы тапсырылды.

Дәстүрге айналған салтанатты кешке Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстазы Сейітхан Исаев қатысып, жастарға «Озат оқып, ел дамуын көксейтін азамат болыңдар!», деп тілек білдірді.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу