Алматыда даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтті

05.08.2015
Алматыда даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтті

Қазақтың қыраны соғыс кезінде көк жүзінде 500 сағат ұшқан. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы Берлинді алуға бірінші болып қатысты.

Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат Бигелдиновтің мінген ұшағын «Қара ажал» деп атаған. Ол 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленді.

Еліміздің әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметін атқарып, әскери авиацяның дамуына зор үлес қосты.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу