Қызылордада Ақмешіт мөлтек ауданындағы №2 үйдің тұрғындарының тынышы қашты. 30 жыл бұрын пайдалануға берілген баспанасы осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген.
Жаз болса жертөледен жағымсыз иіс пен маса шықса, қыстыгүні суық пәтерлерде бүрсеңдеп, мұз жастанады.
Құзырлы орын «Мәселе шешіледі, тек уақыт пен шыдам керек», дейді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ