Қызылордаға бағыт алған ұшақ бортында 65 жастағы азамат қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордаға бағыт алған ұшақ бортында 65 жастағы азамат қайтыс болды

21.07.2015
Қызылордаға бағыт алған  ұшақ бортында 65 жастағы азамат қайтыс болды

65 жастағы азамат ұшақ бортында қайтыс болды. Әуе лайнері Қызылорда әуежайына қонар  кезде  жолаушы өзін нашар сезінген. Борт қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен, бірақ, ажалдан арашалап қала алмады.

Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған ер кісі онкологиялық ауруға шалдыққандар есебінде тұрған.  

Ол жұбайымен бірге Астанадан Қызылордаға ұшар алдында әуе компаниясының ережесіне сәйкес денсаулығы үшін   жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтып, декларация толтырған.     

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу