Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет көрсету жүйесі жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет көрсету жүйесі жаңарды

17.07.2015
Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет көрсету жүйесі жаңарды

Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің халыққа қызмет көрсету жүйесі заманауи талаптарға сай жаңарды.

Тұрғындардың бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұрмауы үшін төлемдер қабылдайтын, түрлі анықтамалар беретін «терезелері» көбейді.

Департаментке келушілер мамандардың көрсеткен қызметіне арнайы құрылғы арқылы баға бере алады. 

Сондай-ақ, тұрғындар қажетті құжаттарын алып, төлемдерін жасағанша балаларын ойын бөлмесінде қалдыруына жағдай жасалған. Бұдан басқа, мекемеде дәріхана мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімше орналасқан. 

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу