Заңсыз тауарды күдіктілер «Фольксваген-Пассат» жеңіл автокөлігімен тасымалдаған. Есірткі заттарын спорттық сөмкелерге және көліктің артқы орындығының астына жасырған.
Ұсталған азаматтардың екеуі де еш жерде жұмыс істемейді және бұған дейін сотталған. Енді олар есірткіні әзірлегені, тасымалдағаны және таратқандары үшін жауапкершілікке тартылмақ. Жыл басынан бері Ақмола облысында 270 келі түрлі есірткі заттары тәркіленген.
Ермек ЕЛБЕРГЕН