Астанада ірі жол апатына кінәлі жүргізуші іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ірі жол апатына кінәлі жүргізуші іздестірілуде

15.07.2015
Астанада ірі жол апатына кінәлі жүргізуші іздестірілуде

БМВ маркалы автокөлк Сауран көшесімен қатарлас келе жатқан ВАЗ-2114 көлігін соғып, қарсы бағытқа шығарып жіберген.

Салдарынан ВАЗ автокөлігі Лексуспен соқтығысқан. ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілсе, 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Ал, БМВ-ны тізгіндеген азамат көлігін тастап, өзі ізін суытып үлгерген. Тәртіп сақшылары ол азаматқа іздеу жариялады.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу