Коммуналдық қызметтер қағазына осындай жаңа қатар енгізілмек. Ай сайын пәтер тұрғыны төлеген ақша арнайы қорға жиналып отырады. Ол тұрғынүйге күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға жұмсалады.
Оның көлемі былай бекітіледі: Пәтердің пайдалы шаршы метрлерінің саны айлық есептік көрсеткіштің 0,02 пайызына көбейтіліп, содан шыққан сома төленеді.
Бұл жаңашылдықтың енгізілетінін Үкімет былтыр қарастырған. Өйткені Пәтер иелері кооперативтері қызметі үшін аударылатын ақы жөндеу жұмыстарына жетпейтін көрінеді.
Ал, пәтер иелері кооперативтері өз кезегінде тұрғындарға ақшаның қанша жиналғаны, қайда жұмсалғаны жөнінде үш ай сайын есеп беріп отыруға міндетті. Әлеуметтік статусы бар адамдарға мемлекет тарапынан жеңілдік қарастырылған.