Енді қарапайым тұтынушылар контрафактілік тауарларды дүкен қабырғасынан шықпай-ақ анықтай алады. Жаңадан енгізілген «Wipon» мобилдік қосымшасы өнімнің сапасыз, лицензиясы жоқ немесе жасанды екенін бірден біліп береді.
Сондай-ақ, технологияны коммерциялау орталығы мамандары автобустарға билеттерді бұдан былай онлайн-режимде алуға болатынын айтты.
Электронды сатылым жүйесін құруға 18 миллион теңге бөлінген.
Жаңа технологияларды дамыту үшін ғылымға бөлінетін қаражат көлемі өсті. Ғылыми қызметкерлер саны да артты.
Әлия ӘШІМ