Көп ұзамай, күдікті анықталды. Ол – 10 жастағы Ақтау тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында бұл баланың алғашқы ұрлығы емес екені белгілі болды. Ол, сондай-ақ, «ВАЗ-2107» көлігін де тонаған көрінеді.
Полицияға 21 жастағы көлік иесі арызданған. Оның айтуына қарағанда, ұрылар мәшиненің есігін бұзып кірген. Барлық айғақтар жас баланың бұл қылмысқа да қатысы бар екенін дәлелдеді.