Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаменті карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаменті карантинге жабылды

17.06.2020

Департамент бастығының орынбасары коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген.

Ережеге сай, ғимаратқа залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін мамандардан өзге адамдарға кіруге болмайды. Департамент қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі.

Ал, Павлодар облысында тағы 41 адам короновирус жұқтырды. Олардың арасында 14 жастағы ер бала және 10 жасар қыз бала бар. Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Атырауда Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы қызметкерінен Covid-19 анықталды. Аталған орталық коронавирусты диагностикалаумен айналысатын мекеме. Қауіпті індетке шалдыққан маманның вирусологиялық зертханада емес, әкімшілік құрамда жұмыс істегені белгілі болды. Бүгінде науқаспен байланыста болған 12 адам анықталды. Олардың қатарында өңірдің бұрынғы бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев та бар. Тест алынды. Нәтижесі әлі жарияланбады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу