Өткен демалыс күндері ауа райының күрт бұзылуы салдарынан еліміздің біраз аймақтарында уақ малдың қырылғаны жөнінде хабарлағанбыз. Шығын әсіресе, Павлодар облысында көп.
Шенеуніктер «қой-ешкі жаңбыр мен суық желден қырылды», деп мәлімет таратты. Ал, дерекке қарағанда бұл күндері ауа температурасы 7 градустан төмендемеген.
Бәйет ауылынан алты мыңға жуық қой-ешкі өретін. Соның 20 пайызы қырылды. Облыстың әр аудандарында қырылған уақ малдың саны үш мыңға таяу.
Өлген қой-ешкіден сынама алынып, Астанадағы зертханаға жіберілді. Оның нәтижесі келесі аптада белгілі болады.
Болат АМАНБАЕВ