Павлодар облысында шіркей талап өлтірген балапандардан сынама алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шіркей талап өлтірген балапандардан сынама алынды

03.06.2021

Павлодар облысында шіркей талап өлтірген балапандардан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Кеше қала іргесіндегі Павлодарское ауылында жүздеген балапанның қырылып қалғанын айтқан болатынбыз. Бүгін ветеринарлар жағдайды бақылауға алды. Ал, қансорғыштарды жоюға сатып алынған 70 мың келі бактицидтің әсері шамалы болғандықтан енді Францияда шығарылған «Фоби» препараты қолданыла бастады. Павлодар қаласында зиянкестерді улау жұмыстары биыл кеш басталды. Тендер өтпей қалып, әкімшілік бұл мақсатқа арналған 52 млн теңгені бюджетке кері қайтарған. Кейін шыбын-шіркейді құрту жұмыстары жергілікті серіктестікке жүктелді.

Рашид Нұрбеков,    ветеринарлық бақылау және қадағалау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
Балапандардың тамағында шіркейдің шаққанынан пайда болған жараның табы бар. Бұның басқа инфекциялық ауруларға қатысы жоқ екендігін дәлелдеу үшін өлген құстардан бүгін сынама алынды. Оны республикалық зертханаға жібереміз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу