Оның айтуынша, Альберт Абхинді қызметкерлер кеше түнде Бішкекте ұстауға тырысқан. Бірақ, оның қолға түскісі келмеген. Қазір екінші қылмыскерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 25 маусымда 2014 жылы «Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту» және «Жалған құжат, мемлекеттік марапат, мөртаңба, бланкты заңсыз қолдану, жасау» баптары бойынша 4 жылға бас бостандықтарынан айрылған 1991 жылы туған Альберт Абхин мен 1988 жылғы Жанболат Әшіровтер қырғыз түрмесінен қашып кеткен еді.