Сондай-ақ, төраға «ДАИШ» - өзін «Ислам мемлекеті» деп атап жүрген лаңкестік ұйым екенін, шын мәнінде олар түрлі елдердің ондаған мың өкілдерін қамтитын діни экстремистік топ екенін жеткізді.
Сондықтан да, БАҚ өкілдері мен саясаткерлерді ДАИШ-ті «Ислам мемлекеті» деп атамауға шақырды. Айта кету керек, бүгінгі жиында әлемнің 24 елі мен АҚШ, ЕуроОдақ, және Ресейдің уәкілетті орган жетекшілері бас қосып, Орталық және Азия елдеріндегі экстремизм мәселесін талқылауда.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ