Енді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасынан шет қалған кәсіпкерлер «Жібек жолы» арқылы кәсіптерін дөңгелете алады. Жаңа бағдарлама бойынша бір кәсіпкерге 180 млн теңгеге дейінгі несие 7 пайыз жеңілдікпен беріледі.
«Жібек жолы» жобасына тек Алматыда тіркелген және кәсібін осы қаладан ашқысы келетін кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Қанат жайған орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері жылда жаңа жұмыс орындарын ашып, қызметкерлердің санын арттыруы міндеттеледі.
Дәурен ДАРИЯБЕК