Алматылықтар Мақтаарал ауданына 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар Мақтаарал ауданына 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді

11.05.2020

Алматы халқы Мақтаарал ауданына 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қайырымдылық шара «Biz birgemiz» акциясы аясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі және «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен қолға алынды.

Аталған игі іске кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындары үн қосты. Сонымен қатар «Жаңа Алатау» қоры қолдау көрсеткен. Олар алда тағы осындай көмек жіберуді жоспарлап отыр.

Жиналған қайырымдылық жүкті жеткізу үшін Алматыдан бірнеше волонтер мен кәсіпкерлер аттанды. Сақтық шарасы ретінде барлығы коронавирусқа қарсы тестілеуден өткен.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу