1994 жылғы Қазақстан Республикасының азаматы, 1992 және 1994 жылы туған Өзбекстан азаматтары Алматы және Алматы облысы аумағында 3 ай бойы номиналы 2 мың теңгелік ақшаларды астыртын басып, қаражатты айналымға жіберген.
Тексеру барысында жалпы сомасы 450 мың теңге болатын 2 мың теңгелік 225 купюра, ақшаның форматы сызылған А-4 пішінді 11 қағаз, «HP» және «Canon» маркалы 2 көпфункционалды құрылғы табылған.
Бүгінде жергілікті құқық қорғау органдарына аймақта айналыста жүрген жалған ақшаларды анықтау тапсырылды.