Семейде «Жас Отан» мүшелері дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Жас Отан» мүшелері дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуде

17.06.2015
Семейде «Жас Отан» мүшелері дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуде

Одан қаладағы жастар ұйымдары да шет қалған жоқ.  Бүгін «Жас Отан» мүшелері Түйемойнақ аралында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жастар жаяу жүргіншілер жолдарын жел құлатқан ағаш қалдықтарынан тазартып, тұрғындар демалатын орындарды ретке келтірді. Мұндай игі шара қаладағы өзге аудандарда да өткізілмек.

Тазалық жұмыстары кезінде жиналған ағаштардың отынға жарамдысын, белсенділер «ардагерлердің үйіне жеткізіп береміз», - деп отыр.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу