Шымкент қаласы маңында болған жол апатынан қайтыс болғандар саны 14-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы маңында болған жол апатынан қайтыс болғандар саны 14-ке жетті

17.06.2015
Шымкент қаласы маңында болған жол апатынан қайтыс болғандар саны 14-ке жетті

Осы оқиғаға байланысты Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғап, тексеріс жүруде.

Жол апатынан қаза тапқандардың біреуі Өзбекстан Республикасының азаматы, жетеуі Жамбыл, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

Сондай-ақ, қазір жол апатына себепші болған шағын автобус Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау компаниясына тиесілі екені анықталған.

25 жолаушы мінген көлік Шымкент қаласына қарай бағыт алып келе жатқан. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде тағы да үш азамат ауыр халде жатыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу