Құқық бұзған 532 азаматтан 31 тоннадан астам балық алынған. Бұл бағытта 141-қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, 3 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл өндірілген.
Аталған айғақтар Ішкі істер министрлігінің Орал-Каспий аумағында, соңғы екі айда өткізген «Бекіре-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.
Айта кетейік, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша 8 миллион теңгеден аса шығын келген.