Шығысқазақстандық кәсіпкер Есенбек Мәмбетов наубайханаға алған жаңа қондырғыларын іске қоса алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық кәсіпкер Есенбек Мәмбетов наубайханаға алған жаңа қондырғыларын іске қоса алмай жүр

09.06.2015
Шығысқазақстандық кәсіпкер Есенбек Мәмбетов наубайханаға алған жаңа қондырғыларын іске қоса алмай жүр

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында қожалық басшысы наубайханаға алған жаңа қондырғыларын жарты жылдан бері іске қоса алмай жүр.

Самар ауылында тұратын кәсіпкер Есенбек Мәмбетовтің айтуынша, оны аймақтық энергетикалық компания өкілдері әбден әуре-сарсаңға салған.

Наубайханаға былтыр жеткізілген технологиялық желі бес қондырғыдан тұрады. Олардың жалпы құны 10 миллион теңгеден асады.

Бұл қаржының жартысынан көбі мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған. Қазіргі таңда кәсіпкер ай сайын несиесін төлеп жатыр. Бірақ, бұл қондырғыларды әлі күнге дейін шаң басып тұр.

Есенбек Мәмбетовтың наубайханасында бүгінде 38 адам жұмыс істейді. Шағын ұжым Көкпекті ауданының 80 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Жаңа технологиялық желі іске қосылса, өнім түрлерінің саны мен сапасы артады

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу