Елордалықтар соғыс ардагері Шаймұхан Мұқановты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін елордалықтар соғыс ардагері, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері, «Даңқ» орденінің кавалері Шаймұхан Мұқановты ақтық сапарға шығарып салды.
Қоштасу рәсімі Астана Сурет галереясы залында өтті.
Шаймұхан Мұқанов Ленинград майдандарында шайқасқан. Балтық жағалауларын азат етуге қатысқан.
Тәуелсіздік алған тұста Қазақстанның қалыптасуына атсалысты. Майдангер зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық өмірден сырт қалмады, ардагерлер ұйымының жұмысына қызу араласып, жастарға патриоттық тәрбие беруге атсалысты.
Бүгін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ұландары ердің ерен еңбектерін елеп, құрмет көрсетіп, ақтық сапарға шығарып салды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
23.10.2025, 10:13

Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
23.10.2025, 10:12
403 педагог кадрлық резервке енді
23.10.2025, 10:10
25 қазан - азат елдің айшықты күні
23.10.2025, 10:09
Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
23.10.2025, 10:08
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
23.10.2025, 10:02
Өзбекстанда үкіметаралық комиссия отырысы өтеді
23.10.2025, 10:01
Сенат жасанды интеллект туралы заңды қарайды: не өзгереді?
23.10.2025, 09:59