Ақмола, Ақтөбе облыстарында қырылған киіктердің саны 113 мыңға жетті.
Бұл туралы бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Жиынға қатысқан ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сала мамандары бірнеше болжамды алға тартты. Жүргізілген зерттеулер жануарлардың «пастереллез» ауруынан жаппай қырылғанын көрсеткен.
Протонның қырылуға ешқандай қатысы жоқ. Бұл - ғалымдардың пікірі.
Нақты қорытынды бір айдан соң белгілі болады.
Индира БЕГАЙДАР