Антарктикада 150 мыңдай пингвин аштықтан қырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антарктикада 150 мыңдай пингвин аштықтан қырылған

16.02.2016
Антарктикада 150 мыңдай пингвин аштықтан қырылған
Пингвиндердің қырылуына 2010 жылы ірі айсбергтің 100 шақырым жерді басып қалуы себеп.

Антарктикада соңғы 5 жылда 150 мыңдай пингвин аштықтан қырылып қалған. Мұндай ақпарат «Антарктик сайнс» журналында жарық көрді. Пингвиндердің қырылуына 2010 жылы ірі айсбергтің 100 шақырым жерді басып қалуы себеп.

Осы мұздық олардың өздеріне азық іздейтін жолын жауып тастаған. Ал, оны айналып өту үшін пингвиндер 60 шақырым жол жүруі тиіс. 2011 жылы Денисон мүйісінде 160 мың пингвин болса, қазір тек 10 мыңы қалған.

Ғалымдар айсберг басқа жерге көшірілмесе, 20 жылда мұндағы пингвиндер түгелдей қырылып қалуы мүмкін, дейді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу