Атырау облысында Отбасы күніне орай 280 орындық балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында Отбасы күніне орай 280 орындық балабақша ашылды

14.09.2014
Атырау облысында Отбасы күніне орай 280 орындық балабақша ашылды

Атырауда Отбасы күніне орай қала маңындағы Жұмыскер кентінде 280 орындық балабақша ашылды. 

Аймақ басшысының айтуынша, жыл соңына дейін облыс орталығы мен аудандарда әрқайсысы 280 орындық тағы 10 балабақша ашылмақ.

«Мектепке дейінгі мекемелерді салу ісі жалғаса бермек. Қазір өңірде балабақша кезегінде 18 мың бүлдіршін тұр. 2020 жылға қарай барлық отбасылардағы сәбилерді балабақшаға бару мүмкіндігімен қамтамасыз етпекпіз», - дейді облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Жұмыскер кентінде балабақша кезегінде тұрған 500-ден астам бүлдіршін бар. Бірінші кезекте елді мекендегі жалғыз балабақша «Таңшолпан» балалар мекемесінің жүктемесін азайту мәселесі тұр.

Бір айта кетерлігі, жаңа балабақшада бұрын болмаған 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар тобы ашылмақ.

Хабарламаларға жазылу