Айта кетейік, «жердегі тамұққа» айналған бұл лагерде 30 мыңдай әйел жазасын өтеген.
Олардың қатарында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин сияқты арыстардың жарлары бар.
Сондай-ақ, 1932-33 жылдары аштықтан қайтыс болған азаматтар рухына тағзым етілді.
Астанадағы ашаршылық құрбандары монументі алдына гүл шоқтары қойылып, үнсіздік жарияланды.
Айта кетейік, болжам бойынша, аштық заманда 4 миллионға жуық қазақ қайтыс болған.
Әлия ӘШІМ