Астаналық балдырғандар балабақшамен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық балдырғандар балабақшамен қоштасты

28.05.2015
Астаналық балдырғандар балабақшамен қоштасты

Бүлдіршіндер енді ғана тәй-тай басып, былдырлап тілі шыға бастаған шағынан тәрбиелеп өсірген ұстаздарына арнайы кеш өткізді.

Салтанатты шарада жүздері бал-бұл жанып, бірінен бірі өтіп әсем киінген балғындар үлкен сахнада төрт жыл бойы бойларына сіңірген білімдері мен үйренген өнерлерін көрсетті.

Мерекелік кеште өнерпаз балалар жұп-жұбымен шығып, тәрбиешілеріне өлең жолдарын арнады.

«Өркен» балабақшасының осы білімді де білікті балаларының арқасында жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, бұл білім ошағы «Ғажайып тіл» өнер байқауында үздік атанып, қалалық олимпиадада Асанәли Алтынбекұлы I орынды иеленді.

Ал, сүйкімді де сүйікті кішкентай ару Ділназым Серік Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бақыт гүлін терген күн!» атты байқауында Бас жүлдені жеңіп алса, «Көркем сөз» сайысында үздік атанды.


Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу