Елордалық мүмкіндігі шектеулі 33 балаға қаржылай көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық мүмкіндігі шектеулі 33 балаға қаржылай көмек көрсетілді

10.07.2014
Елордалық мүмкіндігі шектеулі 33  балаға қаржылай көмек көрсетілді

Бүгін астаналық 33 мүгедек балаға қаржылай көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балдырғандарды тәрбиелеп отырған ата-аналарға ақшалай сертификат тапсырылды.

Берілген сомаға балдырғандар республика аумағында және шетелде білікті медициналық көмекке жүгіне алады.

Жалпы, осындай шараны «Бәйтерек» қайырымдылық қоры 2008 жылдан бері ұйымдастырып келеді.

Акция өткізілген кезден бастап, 104 миллионға жуық ақша жиналып, 96 адам ем қабылдаған.

Елорда күні шеңберінде өткен қайырымдылық шаралардан қор  қазынасына 25 миллион теңге түскен.

Бақыт Омарова, қала тұрғыны: 

Балаларға Рамазан айында тек қана денсаулық тілейміз. Берілген қаржы көмек болсын.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу