Павлодарда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы «пара алды», деген күдікпен ұсталды. Екі жыл бұрын дәл осы қызметтің бұрынғы басшысы да пара алып жатқан жерінде ұсталған еді.
Михаил Романевич кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған. Ол үшін дедалдық қызмет, нақтырақ айтқанда, ақша жинайтын сенімді адамдары да болған.
Полковник солардың қолынан 500 АҚШ долларын алып жатқан жерінде ұсталды.
Ал, бұған дейін жиналған қаражаттың біраз бөлігі пәтерін тінту кезінде табылды.
Болат АМАНБАЕВ