Қостанай облысында көктемгі егіс науқаны созылып кетуі мүмкін. Жаппай дәнді-дақылдар себу жұмыстары мамыр айының ортасынан басталуы тиіс еді. Алайда, соңғы аптада үздіксіз жауған жаңбыр бұл мерзімді кейін шегеруге мәжбүр етті. Мамыр айында жерге тиісті нормадан үш есе көп ылғал түскен.
Қостанай ауданына қарасты Борис-Романов ауылындағы бұл шаруашылық 4 мың гектар алқапқа егіс салады. Күні бүгінге дейін соның 60 гектарына ғана дән себілген. Техника сай, жанар-жағармай жеткілікті. Қолды байлап отырған тек ауа райының қолайсыздығы.
Дәуренбек ӘБДІБЕК