Екібастұзда пара алған сот қызметкері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда пара алған сот қызметкері ұсталды

21.05.2015
Екібастұзда пара алған сот қызметкері ұсталды

Қызметтік бабын асыра пайдаланып, байлыққа кенелмек болған екібастұздық сот шешімдерін орындаушы ұсталды.

Ол шиеттей сәбиі бар анадан 550 мың теңге талап еткен. Ал, бере алмаған жағдайда банктің иелігіне өтіп кеткен пәтерінен қуып шығамын, деп қорқытады.

Кейін бұл істің ресми тоқтатылғаны анықталды. Яғни, баласы барын ескеріп, банк келіншектің қарызын өтеу мерзімін ұзартқан.  

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу