Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі жаңартылады

21.05.2015
Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі жаңартылады

Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам еліміздің бас газеттерінде жарияланды.

Алғашқы 15 қадам кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі жаңартылады. Жаңа тәртіп бойынша, қабылдау төменгі лауазымнан басталмақ.

Үшінші қадам бойынша, алғаш рет мемлекеттік қызметке тұрушылар үш сатылы іріктеуден өтеді. Яғни, жаңа қызметкерлерге сынақ мерзімі беріледі. Межелік бақылау «3+3» формуласы бойынша жүргізілмек.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жұмыс нәтижесі бойынша ғана көтеріледі. Бұл - бесінші қадам.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу