Биыл «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 37,3 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов мәлімдеді.
Елімізде жұмыссыздық деңгейі 2008 жылы 6,6 пайыз болса, өткен жылы 5 пайызға төмендеген.
Осы кезең ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны 9 миллионға, жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 8,5 миллионға жеткен.
Биыл 300 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған.