Еліміздегі жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалардың нәтижесі қандай? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалардың нәтижесі қандай? (ВИДЕО)

15.04.2017

2016 жылғы мәліметке сай,  Қазақстанда 500 мыңнан астам адам жұмыссыз. Бұл қызметке қабілетті жандардың 5,1 пайызы. Сол 500 мыңның 65 пайызы -  әйелдер.

Үкімет жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмыс тауып беру үшін  90-шы  жылдан бері тырысып келеді. 4 бағдарлама қабылдап тастаған. Әуелгісін кедейлікпен күрес деп атады. Ол 2002 жылға дейін ұласты.

«2009 жылы «Жол картасы»  арнайы бағдарлама болып шыққан, одан кейін оған ішінара өзгерістер енгізіліп келіп 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» болып белгіленді. Ал, биылғы жылдан бастап ол бағдарлама тағы да өзектендіріліп «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасы болып бекітілді», - дейді ОҚО  жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары  Сәтжан Полатов.

500 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту үшін 4 бағдарлама түзілген. Олардың нәтижесі қандай? Толығырақ журналист Нұрбек Бекбау зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу