Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шағын және орта кәсіпкерлік өркен жайып келеді.
Мемлекеттен көмек алып, өз ісін ашқысы келетіндердің қатары жыл санап артуда. Жыл басынан бері 8 адам шаруасын дөңгелеткен.
Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін аудандағы 50 адамға қаржылай көмек берілмек.
Олардың көпшілігі мал шаруашылығын дамытуды және халыққа қызмет көрсету орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ