Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау

16.02.2015
Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау

Шағын және орта бизнестің зор маңыздылығын есепке ала отырып, бұл секторға бүгінде  барынша қолдау жасалып жатыр. Әрі кәсіп ашқысы келетіндердің де күн санап қатары артуда.

Елде іскерлік белсенділікті одан әрі қолдау үшін Ұлттық қордан 2015-2016 жылдары жыл сайын 100 миллиард  теңге бөлінетін болады.  Ұлттық қордан бөлінетін қаражат экономикалық өсім үшін өте қажет.

Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралардың аяқ алысы қалай? Бұл шаралар ел экономикасын көтеруге  қаншалықты әсер етеді?

Бүгін 18.55-те «Заң және біз» хабары «Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыс қалай жүзеге асуда?» атты тақырып аясында әңгіме өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу