Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиден құттықтау жеделхаты келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиден құттықтау жеделхаты келді

05.05.2015
Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиден құттықтау жеделхаты келді

«Қайта сайлануыңыз Қазақстан халқының Сіздің көреген көшбасшылығыңызға деген сенімінің жарқын айғағы.  Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен ілгерілеу мен дамудың жаңа сатысына аяқ басатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.   

Сондай-ақ, Оман сұлтаны Кабус бен Саид Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, жеделхат жолдады. Хаттың мәтінінде «Сіздің осы лауазымдағы қызметіңіздің жалғасуы кезінде біз халықтарымыздың ортақ игілігі үшін ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге деген шынайы ықыласымызды жеткізгім келеді», – делінген. 

Хабарламаларға жазылу