Қазір жас отбасыларға арналған бюджеттік пәтерлер мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған ипотекалық үйлер тұрғызылуда.
Жұмыс екі ауысым бойынша жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыс биылғы күзде аяқталады.
Жыл соңына дейін облыс орталығында 400-ге тарта отбасы қоныс тойын тойламақ. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюжеттен қаражат бөлінді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ