Еліміздің су шайған өңірлеріндегі тұрғындардың алғашқы қажеттілігі үшін 1 миллиард теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің су шайған өңірлеріндегі тұрғындардың алғашқы қажеттілігі үшін 1 миллиард теңге бөлінді

16.04.2015
Еліміздің су шайған өңірлеріндегі тұрғындардың алғашқы қажеттілігі үшін 1 миллиард теңге бөлінді

Бұл өңірдегі 40-қа жуық елді мекенді қызыл су шайған. Қазір табиғи апаттан келген шығын көлемі есептелуде.

Бұған қоса еліміздің түкпір-түкпірінен су басқан ауылдардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізілуде.

Қайырымдылық шарасымен Қызыл ай қоғамы айналысуда. Кешелі бері Астанадан, Ақтөбе облысынан гуманитарлық көмек келіп жеткен.

Әзірге 2 миллион теңгеден астам қаржының азық-түлік, киім-кешегі мен қолданыс заттары қабылданған.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу