Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жаңа балабақша ашылды.
Бұл - шағын ауылда бой көтерген алғашқы бөбекжай. 280 балаға арналған әлеуметтік нысан «Балапан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Оның құрылысына жергілікті қазынадан 400 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Балабақша 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қабылдайды. Орталықта барлығы 70 маман жұмыс істейді.
Жазира ӘБІЛ