Өскеменде республикалық сарапшылар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде республикалық сарапшылар форумы өтті

03.04.2015
Өскеменде республикалық сарапшылар форумы өтті

Әлемдегі экономикалық, саяси ахуал ел жағдайына кері әсерін тигізбеуі тиіс. Сондықтан, мықты мемлекеттік аппарат қалыптастырған абзал.

Өскеменде өткен республикалық сарапшылар форумына қатысушылардың пікірі осыған саяды.

Олар форум шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың ашықтығын дамыту, сот жүйесін жаңғырту, азаматтық сектор мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ролін арттыру жөнінде пікір алмасты.

Шараның Өскеменде өтуінің себебі де бар. Өйткені, мұнда азаматтық қоғамның негізгі орталығы қалыптасқан.

«Сондай-ақ, дәл осы жерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мен аудан, қала әкімдерін сайлау бірінші болып енгізілген», – дейді мамандар.

Хабарламаларға жазылу